Конкурсты ұйымдастырушы:
«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ
Мақсаты мен міндеттері:
- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру;
- балалардың көркемдік тәжірибесін кеңейту;
- өскелең ұрпақтың бойында адамгершілік, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қалыптастыру,
- қашықтан оқыту жағдайында баланың ата-аналармен ынтымақтастыққа, өз іс-әрекетіне, оның нәтижесіне деген оң көзқарасын тәрбиелеу;
Қатысушылар: жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары.
Жас санаттары:
7-9 жас
10-12 жас
Конкурсты өткізу шарттары:
Конкурсқа JPG форматында кез келген техникада (гуашь, акварель, май, түрлі-түсті қарындаш, фломастер және т. б.) орындалған суреттер қабылданады.
Конкурстық жұмыстар мәлімделген тақырыпқа сәйкес болуы тиіс.
Суреттерде отбасына қатысты барлық нәрселерді көрсетуге болады:
- Менің отбасымның портреті;
- Біздің отбасының бас мүшесі;
- Отбасылық дәстүрлер;
- Бірге демаламыз және т. б
Әр автордан бір жұмыс қабылданады;
Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
Суреттер электронды түрде, 2020 жылдың 27 мамырына дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: octdu_moya_semia@mail.ru
Хатқа келесі файлдарды бекіту керек:
- JPG (jpeg) форматындағы фото ( суреттің бет жағындағы фото , оң жақ төменгі бұрышында жұмыс атауы, баланың аты-жөні, жасы, ауданы, мектебі,жетекшінің А.Т.Ә. жазылған этикетканы орналастыру қажет.);
- WORD форматындағы өтінім (қатысушының аты-жөні, жасы, білім беру ұйымы, жетекшінің А.Т.Ә., байланыс телефоны).
Назар аударыңыз, файлдардың атауында (фото, өтінім) қатысушының аты-жөнін, жасын, ұйымын көрсету қажет. Сондай-ақ, бұл файлдарды мұрағат түрінде жіберу және қатысушының аты-жөніне, жасына, ұйымына қол қою қажет.
Конкурсты ұйымдастырушылар жұмыстарды ресімдеу бойынша талаптарға сай келмейтін қатысушының жұмысын қарамау құқығын өзіне қалдырады. 27 мамырдан кейін түскен жұмыстар қаралмайды.
Жұмыстарды бағалау критерийлері:
- конкурстың тақырыптық бағытына сәйкестігі;
- шығармашылық ойдың және жұмыстың орындалуының ерекшелігі;
- жұмыстың орындалу сапасы (композиция, түстік шешім, безендіру)
Конкурс қорытындысы, конкурс жеңімпаздарының дипломдары БЖШОО сайтында: http://octdu.skom.kz/ «Конкурстар мен фестивальдар» бөлімінде 1.06.2020 ж. орналастырылады.
№ 1 қосымшада жұмыстарды ресімдеу үлгісі.