Конкурсты ұйымдастырушы:
- Ғылым , техника және технология бөлімі «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ
Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
- Балалардың көркем-бейнелеу қабілеттерін дамыту, сурет салудың техникалық дағдыларын қалыптастыру;
- Дарынды және талантты балаларды анықтау және қолдау;
- Техника мен техникалық мамандыққа қызығушылықты дамыту;
- Қашықтан оқыту жағдайында бейнелеу өнері бойынша педагогтар мен оқушылардың тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
Қатысушылар: жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары.
Жас санаттары:
7-9 жас;
10-12 жас;
Конкурс жұмыстары тақырыптарға сәйкес болуы тиіс:
1. Ауыл шаруашылығы көлігі (комбайн, трактор және т. б.).
2. Болашақ техникасы.
3. Су көлігі (кеме, катер және т.б.).
4. Әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ).
5. Автокөлік (автомобильдер, мотоциклдер).
Әр автордан бір жұмыс қабылданады;
Жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптар:
Суреттер электронды түрде, 2020 жылдың 14 маусымына дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Хатқа келесі файлдарды бекіту керек:
1. JPG (jpeg) форматындағы фото ( суреттің бет жағындағы фото , оң жақ төменгі бұрышында жұмыс атауы, баланың аты-жөні, жасы, ауданы, мектебі,жетекшінің А.Т.Ә. жазылған этикетканы орналастыру қажет.);
2. WORD форматындағы өтінім (қатысушының аты-жөні, жасы, білім беру ұйымы, жетекшінің А.Т.Ә., байланыс телефоны).
Назар аударыңыз, файлдардың атауында (фото, өтінім) қатысушының аты-жөнін, жасын, ұйымын көрсету қажет. Сондай-ақ, бұл файлдарды мұрағат түрінде жіберу және қатысушының аты-жөніне, жасына, ұйымына қол қою қажет.
Конкурсты ұйымдастырушылар жұмыстарды ресімдеу бойынша талаптарға сай келмейтін қатысушының жұмысын қарамау құқығын өзіне қалдырады. 14 маусымнан кейін түскен жұмыстар қаралмайды.
Жұмыстарды бағалау критерийлері:
- конкурстың тақырыптық бағытына сәйкестігі;
- шығармашылық ойдың және жұмыстың орындалуының ерекшелігі;
- жұмыстың орындалу сапасы (композиция, түстік шешім, безендіру)
Конкурс қорытындысы, конкурс жеңімпаздарының дипломдары БЖШОО сайтында: http://octdu.skom.kz/ «Конкурстар мен фестивальдар» бөлімінде 16.06.2020 ж. орналастырылады.