«Шеберлер қаласы» облыстық қолданбалы өнер көрмесін қашықтан өткізу ережесі
Ұйымдастырушылар:
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
- «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.
Көрменің мақсаты:
Шығармашылық қызметте оқушылардың тұлғасын дамыту. Сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жаңа техникалардың білімін кеңейту және қазіргі заманғы деңгейде ескі технологияларды жандандыру.Көркемдік талғамды, жалпы эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу. Қолданбалы өнерге танымдық қызығушылықты дамыту.
Көрмеге қатысушылар:
Қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары.
Көрме бөлімдері:
- Табиғи материалдардан жасалған жұмыстар (мамық, сабан, жүзім, саз, қайың қабығы және т. б.)
- Матаны пайдаланатын бұйымдар (кесте, құрақ техникасы, жұмсақ ойыншық)
- Қалдық материалдан жасалған бұйымдар.
- Аймақтың көркем және халықтық қолөнері.
- Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафттар және т. б.
Көрмені өткізу мерзімдері мен тәртібі:
Көрмеге әр бөлім бойынша бір автордан бір ғана жұмыс ұсынылады.
Көрме жұмыстары электронды түрде 2021 жылдың 9 ақпанына дейін электронды пошта арқылы қабылданады This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Көрмеге қатысу үшін электрондық пошта арқылы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. конкурстық жұмысты бір файлмен жіберу қажет:
- Word форматындағы өтінім/ оқушының Т.А., жасы, білім беру ұйымы, көрме бөлімі, Жетекшінің Т.А.Ә.
- екі фотосурет:
* оқушының жұмыспен фотосы
* жұмыстың фотосы.
Өтінім үлгісі
№ |
Оқушының Тегі/Аты |
Оқушының жасы |
Аудан, мектеп |
Көрме бөлімі |
Жетекшінің Т.А.Ә. |
1 |
Көрме жұмысына қойылатын талаптар:
Көрме жұмысында жапсырма болуы керек.
Білім беру ұйымының атауы Жұмыстың атауы Қатысушының аты-жөні Жетекшінің Т.А.Ә. |
Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:
- эстетикалық көрініс (бұйымды безендіру);
- жұмыстың ерекшелігі мен сапасы;
- оқушының шығармашылық даралығы мен шеберлігі, техниканы игеруі;
- жұмыстың көркемдік құндылығы.
Көрменің қорытындысын шығару:
Көрменің қорытындысы 2021 жылдың 15 ақпанында шығарылады.
Көрменің барлық қатысушылары қатысқаны үшін диплом алады.
Жеңімпаздар 1-2-3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Конкурс дипломдары 2021 жылғы 15 ақпанда БЖШОО сайтына сілтеме бойынша орналастырылады http://octdu.skom.kz
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
8 (715) 2-46-64-16 (факс), 87474451153, 87052160141
«Шеберлер қаласы» облыстык қолданбалы өнер қөрмеciн қашықтан өткiзу туралы