Ұйымдастырушылар:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
2. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.
Конкурстың мақсаты, міндеті:
Материалдық өндіріс саласындағы еңбексүйгіштікке, білімді өз бетінше алу және практикада қолдану қажеттіліктері мен дағдыларына тәрбиелеу. Көркем еңбек бағдарламаларын оқуда оқушылардың білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылау. Мамандық таңдауда көмек көрсету. Оқушылардың психофизиологиялық даму заңдылықтарын ескере отырып, техника мен технологияны үйренуде оқушы жастардың білімін, іскерлігін және дағдыларын кеңейту және тереңдету.
Конкурстың қатысушылары:
Қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары.
Кулинар конкурсына тапсырма:
1. Қалаған үстелді жабдықтау (түскі ас, кешкі ас, тақырыптық) – үстелді жабдықтау және оқушының жабдықталған үстелі бар фотосуреті.
2.Үстелді жабдықтауға арналған тағамдар мәзірінің картасы-фотосуретке қоса беріледі.
Бағалау критерийлері
- Қатысушының сыртқы келбеті
• Жабдықтау
- Мәзір картасының үстелді жабдықтауға сәйкестігі
Ағаш шебері конкурсына тапсырма
Ағаштан құсқа жем салатын астау жасау-астаудың фотосуреті және оқушының астауменфототсуреті.
Бағалау критерийлері
- Эстетикалық көрініс
- Функционалдылық (оңтайлы өлшем, экологиялық материал)
- Құрастыру сапасы, өзіндік ерекшелігі
Конкурсты өткізу мерзімдері мен тәртібі:
Конкурсқа бір ұйымнан әрбір мамандық бойынша біреуден артық емес жұмыс ұсынылады. Конкурсқа қатаң өтінім бойынша жұмыстар жіберіледі.
Конкурс жұмыстары электронды түрде 2021 жылдың 25 наурызына дейін электронды пошта арқылы қабылданады This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. конкурстық жұмысты бір файлмен жіберу қажет:
- Word форматындағы өтінім/ оқушының Т.А., жасы, білім беру ұйымы, мамандығы, жетекшінің Т.А.Ә.
- екі фотосурет:
* оқушының жұмыспен фотосы
* жұмыстың фотосы.
Өтінімүлгісі
№ |
Оқушының Тегі/Аты |
Оқушының жасы |
Аудан, мектеп |
Мамандығы |
Жетекшінің Т.А.Ә. |
1 |
|
|
|
|
|
Конкурс жұмысына қойылатын талаптар:
Конкурс жұмысында жапсырма болуы керек.
Білім беру ұйымының атауы Жұмыстың атауы Қатысушының аты-жөні Жетекшінің Т.А.Ә. |
Конкурстың қорытындысын шығару:
Конкурстың қорытындысы 2021 жылдың 5 сәуірде шығарылады.
Конкурстың барлық қатысушылары қатысқаны үшін диплом алады.
Жеңімпаздар 1-2-3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Конкурс дипломдары 2021 жылғы 5 сәуірде БЖШОО сайтына сілтеме бойынша орналастырылады http://octdu.skom.kz
Қосымша ақпаратты мына телефондар арқылы алуға болады:
8 (715) 2-46-64-16 (факс), 87474451153, 87052160141