Өткізу орны: БЖШОО
Өткізу күні: 2019 ж. 4 мамыр
Басталуы: сағ 11.00-де
Тіркеу: сағ 9.00 – 10.00
Конкурстың ұйымдастырушылары:
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
- «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстык орталығы» КММ
Мақсаттары мен міндеттері:
Отанымыздың ерлік тарихтары мен әскери даңқын көркем құралдар арқылы насихаттау, Отан қорғаушыларды еске алу құрметіне тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Конкурс шарттары:
Конкурсқа қатысуға жалпы білім беретін мектептер, облыстың қосымша білім беру ұйымдары (бір нөмірден) шақырылады: жеке орындаушылар-вокалшылар, вокалдық ансамбльдер, хорлар, би ұжымдары. Байқауға қатысушылар әскери тақырыпты көрсететін бағдарлама ұсынады. Сүйемелдеу емін-еркін (жанды немесе фонограмма). Фонограмма сапалы және CD, DVD дискілерінде немесе flashcardта бір трекпен жазылған болуы қажет. Диск жазылған болуы тиіс.
Критерийлері:
- жоғары орындаушылық шебері деңгейі,
- көркемдік бейнесін ашу,
- костюм
Конкурсқа қатысу үшін мыналарды өтінімде көрсетіп, ұсыну қажет:
- мекеменің және ұжымның атауы, жеке орындаушының аты-жөні, байланыс телефоны;
- қатысушылар саны;
- нөмір атаулары;
- жетекшінің аты-жөні (толығымен).
Конкурс күні ұжымдарды тіркеу конкурс басталуына бір сағат қалғанда аяқталады (сағ 9.00-ден сағ 10.00-ға дейін).
Өтінімдер 2019 жылғы 26 сәуірге дейін (қоса алғанда) Қазақстан Конституциясы көшесі, 60 мекенжайы бойынша қабалданады.
Байланыс телефондары: 46-64-16(факс), 46-45-98(факс).
электрондық мекенжай : OCTDU_24@mail.ru