Ұйымдастырушылар:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
2. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ
Мақсаты:
- балалардың қиялын, көркем шығармашылығын дамытуды ынталандыру, өз туған жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
- балаларды белсенді шығармашылық қызметке тарту;
- шығармашылық өзін-өзі көрсетуге деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Қатысушылар: қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары:
(көркемөнер мектептері, өнер мектептері, шығармашылық орталықтары)
Қашықтықтан фестиваль-конкурсты өткізу уақыты, тәртібі: 12 маусым 2021 ж.
Өткізу шарттары:
Фестиваль-конкурсқа «Менің туған өлкем» тақырыбы бойынша оқушылардың шығармашылық жұмыстарының фотосуреттері ұсынылады.
Әрбір қатысушы конкурсқа пленерде техникада орындалған бір жұмысты ұсынады:
- Кескіндеме (Акварель, гуашь);
- Графика (түрлі-түсті немесе қара-ақ): графитті қарындаштар, түрлі-түсті қарындаштар, маркерлер, пастельдер.
Жас санаттары: 8-11 жас (А-4 форматы), 12-15 жас (А-3 форматы)
Шығармашылық жұмыстың фотосуретінде төменгі оң жақ бұрышында (электрондық нұсқада) автордың аты-жөні, жасы, жұмыстың атауы, орындау техникасы, оқу орны, қала/аудан, педагогтың Т.А.Ә. көрсетілген заттаңба орналасады.
Фестиваль-конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. әр қатысушыға жұмыстың фотосуреті мен өтінімі бар папканы (баланың аты-жөні жазылған , жасы, орындау техникасы) жіберу қажет.
Қатысуға өтінім (WORD форматында) (қатысушының аты-жөні, жасы, білім беру ұйымы, жетекшінің Т.А.Ә.)
Өтінім үлгісі
№ |
Қатысушының аты-жөні |
жасы |
Білім беру ұйымы (толық) |
Орындау техникасы |
Жетекшінің Т.А.Ә. (толық) |
|
|
|
|
|
|
Суреттердің фотосуреттері электронды түрде 2021 жылғы 11 маусымға дейін (қоса алғанда) электронды пошта арқылы қабылданады:
Конкурсты ұйымдастырушылар қатысушының жұмыстарды ресімдеу жөніндегі талаптарға сай келмейтін жұмысын қарамауға құқылы.
2021 жылғы 11 маусымнан кеш түскен жұмыстар қаралмайды.
Жұмыстарды бағалау критерийлері:
- конкурстың тақырыптық бағытының сәйкестігі;
- шығармашылық ой мен жұмысты орындаудың бірегейлігі;
- жұмыстың орындалу сапасы (композиция, түс шешімі, безендіру).
Конкурс қорытындысы, жеңімпаз дипломдары 15.06.2021ж ОЦТДЮ сайтында http://octdu.skom.kz / «Конкурстар мен фестивальдар» бөлімінде жарияланады.
Байланыс телефондары: 8 (7152) 46-64-16 (факс)– Штро Алексадр Федорович.