Солтүстік Қазақстан облысы
білім басқармасының
2022 жылғы « 28 » 02 № 64 бұйрығымен
бекітілді
«Дебют» жас музыканттардың облыстық қашықтықтан конкурсын
өткізу
ЕРЕЖЕСІ
Конкурс ұйымдастырушылары:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
2. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.
Конкурстың мақсаты: дарынды балаларды анықтау және қолдау, музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқушыларының орындаушылық шеберліктерін арттыру.
Конкурстың қатысушылары: СҚО балалар музыка мектептері мен өнер мектептері
Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі: конкурс «Фортепиано» номинациясында өткізіледі:
1. «Солист».
2. «Ансамбль» (дуэт, трио, квартет).
3. «Педагог-оқушы» ансамблі.
Бағдарламалық талаптар:
Қатысушылар хронометражы 3,5 минуттан аспайтын кез келген бір туындыны орындайды.
Конкурс үш жас санаты бойынша бағаланады:
7 -10 жас; 11-13 жас; 14 – 17 жас.
Оқу орнынан әр жас санатында бір қатысушыдан
Конкурстың қазылар алқасы. Қазылар алқасының құрамына «Өнер колледжі – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің музыкалық пәндер оқытушылары кіреді.
Конкурсқа қатысу шарттары:
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
1. Бейнежазбаны кез келген файлалмастырғышта немесе YouTube-та орналастыру және Конкурсқа қатысушының онлайн-өтініміне сілтемені бекіту. Видеода монтаж элементтері болмауы керек, сапалы болуы керек және Орындаушының қолдары көрінуі керек екеніне назар аударыңыз.
2. 2022 жылғы 20 ақпанға дейін (қоса алғанда) белгіленген нысандағы өтінім мына электрондық поштаға жіберілсін: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Бір өтінім-бір қатысушы.
Word бағдарламасындағы өтінім формасы:
Қатысушының аты-жөні |
Жасы |
Мекеменің толық атауы |
Номинациясы |
Орындалатын бағдарлама |
Видео материалға сілтеме |
Оқытушының Т.А.Ә. |
Телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтінім файлында «қатысушының аты-жөні, жасы, номинациясы» болуы керек .
Конкурс қорытындысын шығару:
Жеңімпаздарға Гран-При, I, II, III дәрежелі лауреат атақтары және «Қатысқаны үшін» дипломы беріледі.
Конкурс қорытындысы, жеңімпаз дипломдары 2022 жылғы 4 наурыз БЖШОО сайтында http://octdu.skom.kz /: «Конкурстар мен фестивальдар» бөлімінде жарияланады.
Конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру телефоны:
(87152) 46-64-16. Тарадаева Дарья Леонидовна.