Конкурс ұйымдастырушылары:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
2. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.
Конкурстың мақсаты: вокалдық жанрды дамыту, репертуардың көркемдік деңгейін және орындаушылық шеберлікті арттыру.
Конкурс «Эстрадалық вокал» (солист) номинациясы бойынша үш жас санаты бойынша өткізіледі: 6-10 жас; 11-13 жас; 14-17 жас.
Бағыттары:
«Әуесқойлық» - қосымша білім беру ұйымдарының базасында айналысатын орындаушылар және қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары және т. б. қатыса алатын бағыт.
«Кәсіптік білім беру (бастапқы)» - жарғысында «бастапқы кәсіптік білім беру» деп жазылған БММ, БӨМ және басқа да мекемелердің оқушылары қатыса алатын бағыт.
Өткізу тәртібі:
2022 ж. 12 наурыз сағ. 10. 30
Бағыты: «Әуесқойлық»
2022 ж. 13 наурыз сағ. 10.30
Бағыты: «Кәсіптік білім беру (бастапқы)»
Міндетті талаптар: қатысушыларға СD, DVD, flash card форматында — МРЗ, Audio CD форматында жазылған фонограммалар (-1) болуы қажет.
Фонограммалар сапалы болуы және тасымалдағышқа бір трекпен жазылуы тиіс. Тасымалдаушы жазылған болуы керек : орындаушының тегі, ұжымның және туындының атауы (жазбалардың телнұсқасы болуы тиіс).
– «Караоке», «плюс» фонограммаларын және бэк-вокал солистің партиясын қайталайтын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.
Конкурс күні бағдарламаға өзгерту қабылданбайды.
Назар аударыңыз! Қатысушыларды тіркеу конкурс басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады.
Бағалау критерийлері: 1. Орындау техникасы; 2. Вокалдық-техникалық деректердің әнге сәйкестігі; 3. Әртістік, костюм, сахна мәдениеті.
Аудандық білім бөлімдеріне және Петропавл қаласы
конкурсқа қатысу үшін
өтінімді Word форматында ұсыну қажет:
Қатысушының толық аты-жөні |
Жасы |
Бағыты |
Нөмірдің атауы |
Жетекшінің Т.А.Ә. толық,байланыс телефоны |
Қала\аудан мекеменің толық атауы |
Назар аударыңыз! БІР БАҒЫТ-БІР ЖАС САНАТЫ-БІР ӨТІНІМ!
(өтінішіңізді алынғанына көз жеткізіңіз!)
Өтінімдер 2022 жылғы 4 наурызға дейін (қоса алғанда) электрондық поштаға қабылданады This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. тел. бойынша 46-64-16. жауапты Александр Федорович Штро.
Өтінімдер аудандық білім беру бөлімдерінен және Петропавл қаласынан қабылданады. Аудандық білім беру бөлімдері мен Петропавл қаласы іріктеу турының хаттамасын ұсынсын. Өтінім іріктеу турының хаттамасы негізінде қалыптастырылуы тиіс. (аудандық кезең қашықтық форматта өткізілуі мүмкін).
Конкурс аясында қазылар алқасы Гран-при, 1,2 және 3 дәрежелі лауреаттар, сондай-ақ дипломанттар мен қатысушыларды анықтайды.
Ұйымдастыру комитеті