Өтетін орны: Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының
облыстық орталығы
(Қазақстан Конституциясы көшесі, 60).
Өтетін күні: 2022 жылғы 9-10 сәуір
Басталуы: 10.30.
Конкурс ұйымдастырушылары:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
2. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.
Конкурстың мақсаты:
Хореографиялық өнерді насихаттау, үздік шығармашылық ұжымдарды анықтау, шығармашылық ұжымдардың тәжірибесімен және көркемдік жетістіктерімен алмасу.
Конкурс номинациялар бойынша өткізіледі:
«Халық биі» - 9 сәуір 2022 ж.
«Заманауи би» - 10 сәуір 2022 ж.
(эстрадалық модерн, джаз, фристайл, степ, көше билері)
Жас санаттары:
7-10 жас, 11-13 жас, 14-18 жас
Бағалау критерийлері:
- бірегей балетмейстерлік шешім;
- қызықты хореографиялық мәтін;
- бидің драматургиялық мазмұны.
Шарттары:
Әрбір ұжым бір жас санатында 1 нөмірден артық емес ұсынады.
«Каблучок» хореографиялық ұжымдардың облыстық конкурсына қатысуға қойылатын техникалық талаптар
Қатысушылар фонограммаларды МРЗ форматында flash card-та (флэш-карта) ғана ұсынуы қажет.
Флэш-картада артық ақпарат болмауы керек.
Трек жазылған болу керек: команда мен жұмыстың атауы.
Мысалы: Ансамбль «Дружные ребята» - «Шашу»
Конкурсқа қатысу үшін қажет:
«Каблучок» хореографиялық ұжымдардың облыстық конкурсына
Өтінім
Номинация |
Ұжым атауы, білім беру ұйымы, аудан |
Нөмір атауы |
Жас санаты |
Жетекшінің аты-жөні (толық) |
Қатысушылар саны |
Байланыс телефоны |
Мысалы |
«Шашу» ансамблі, «№1 орта мектебі» КММ, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан |
«Лязги» өзбек биі |
11-13 жас |
Иванова Мария Ильинична |
8 |
877752013222 |
Назар аударыңыз!
БІР НОМИНАЦИЯ-БІР ЖАС САНАТЫ-БІР ӨТІНІМ!
Ұжымдарды тіркеу конкурс басталғанға дейін бір сағат бұрын аяқталады (сағат 9.00-ден 10.00-ге дейін).
Марапаттау: Конкурс аясында қазылар алқасы Гран-при, 1,2,3 дәрежелі лауреаттарды анықтайды.
Қазылар алқасының шешімі түпкілікті болып табылады
және өзгертуге жатпайды.
Өтінімдер аудандық білім беру бөлімдерінен және Петропавл қаласынан қабылданады. Аудандық білім бөлімдері мен Петропавл қаласы іріктеу турының хаттамасын ұсынсын.
Өтінім іріктеу турының хаттамасы негізінде қалыптастырылуы тиіс (аудандық кезең қашықтық форматта өткізілуі мүмкін).
Қатысуға өтінімдер 2022 жылғы 4 сәуірге дейін (қоса алғанда) Қазақстан Конституциясы көшесі, 60 мекенжайы бойынша қабылданады.
Байланыс телефондары: 46-64-16, Штро Александр Федорович.
Электрондық мекен-жайы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Ұйымдастыру комитеті