Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Салют, Жеңіс!» қашықтықтан өтетін балалар шығармашылығының облыстық конкурсын өткізу туралы
ереже
Конкурстың ұйымдастырушылары:
- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
- «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстык орталығы» КММ
Мақсаттары мен міндеттері:
Отанымыздың ерлік тарихтары мен әскери даңқын көркем құралдар арқылы насихаттау, Отан қорғаушыларды еске алу құрметіне тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Конкурсты өткізу мерзімі мен тәртібі:
Конкурстық жұмыстар электрондық түрде 2020 жылғы 1-26 сәуір аралығында электрондық пошта арқылы қабылданады This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. Ұйымдастыру комитетіне 2020 жылғы 26 сәуірінен кейін келіп түскен, сондай-ақ оларға қойылатын талаптарды бұзған конкурстық жұмыстар қаралмайды.
Конкурс қорытындысы, жеңімпаздардың дипломдары, жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушылардың сертификаттары БЖШОО сайтында орналастырылады.
Конкурсқа қатысу үшін octdu_sko@ mail.ru электрондық пошта арқылы қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді және конкурстық жұмысты жіберу қажет.
Конкурс талаптары
Конкурсқа жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының 7-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысады:
кіші жас санаты: 7-10 жас;
орта жас санаты: 11-14 жас;
жоғары жас санаты: 15-17 жас.
Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Жерлестеріміздің ерліктерін есте сақтаймыз және құрметтейміз!», «Менің отбасымды соғыс айналып өтпеді» (эссе, өлеңдер);
- эссе өз бетінше орындалуы тиіс;
- эссе мазмұны конкурстық тақырыпты ашу керек . ;
- негізгі ережелер, тұжырымдар мен ұсыныстар түпнұсқаcы болуы тиіс;
- конкурсқа берілетін жұмыс бұрын жарияланған болмауы тиіс.
Жұмыс Word форматында, шрифт Times New Roman 14, бір жоларалық интервалмен, мәтінді туралау – беттің ені бойынша, жиектері: сол жақта – 2,5 см, оң жақта, үстіңгі және астыңғы жағынан – 1,5 см.
Жұмыс көлемі А4 форматындағы 1 беттен артық емес.
- «Тарихи макет» (конкурсқа өз қолдарымен жасалған фото және бейне қолдан жасалған макеттер, мысалы, шайқастар, ескерткіштер және т. б. макеттер қабылданады.);
- «Ардагерге сый» (конкурсқа сыйлық 9 мамырда қабылданады
өз қолдарымен жасалған сыйлықтардың фотосуреттері, мысалы, СҚӨ түрлі техникаларында орындалған ұсақ-түйектер, ашық хаттар және т. б.);
- Жеңіс күніне арналған бейне-құттықтау (жас әншілер, орындаушылар, ән, би, өлеңдер, проза, тақырыпқа сәйкес).
- «Мамыр мерекесі-Жеңіс күні!»суреттер конкурсы.
Кез келген материалда (ватман, картон, кенеп т.б.), кез келген техникада (май, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш т. б.) орындалған суреттер қабылданады. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар кезең-кезеңмен суретке түсірілуі (кемінде 4 фото) және JPEG форматтарында электронды түрде жіберілуі тиіс.
- «Шексіз шығармашылық» (еркін номинация,конкурсқа бейне-сабақтар, мастер-класстар, лэпбуктер және конкурс тақырыбына басқа да материалдар қабылданады).
Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:
- байқау тақырыбы мен номинациясына сәйкестігі;
- тақырыптың өзіндік және толық ашылуы;
- жаңалығы, өзектілігі, тартымдылығы;
- орындалу сапасы мен технологиясы;
- материалдардың көркемдік және техникалық сапасы
Конкурс қорытындысы 2020 жылдың 5 мамырында шығарылады.Конкурсқа қатысушыларды ақпараттандыру қазылар алқасы отырысының хаттамасын 2020 жылғы 5 мамырдан кейін қатысушылардың e-mail-ге жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс телефондары: 46-64-16(факс), This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. Дарья Леонидовна Тарадаева