09/05/2025  Жұма
+7 (7152) 46 64 16
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы, 60

07.04.20 1

Үй жануары-бүкіл отбасының сүйіктісі. Бірақ бала үшін ол ойын ойнайтын дос және серіктес. Сізде көңілді күшік, маңызды мысық, жуас тасбақа, күлкілі теңіз шошқасы немесе сөзшең тотықұс бар ма? Онда біздің шығармашылық конкурсқа қатысып, сурет жасаңыз немесе үй жануарының фотосуретін жасаңыз. Жануардың мінез-құлқы мен әдеттерін жеткізуге тырысыңыз, ол туралы қызықты кадр жасаңыз немесе оның қатысуымен ертегі тарихын ойлап табыңыз.

  1. Жалпы ережелер

«Менің сүйікті үй жануарым» балалар шығармашылық жұмыстарының конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу туралы Ереже конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.

Конкурсты ұйымдастырушы «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері

2.1. Мақсаты-балалардың қоршаған ортаға деген ізгілікті қарым-қатынасын қалыптастыру.

2.2. Міндеттері:

- үй жануарларына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу;

- табиғатқа ұқыпты және мұқият қарауды насихаттау;

- балалардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру;

- балалардың қиялын және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында әртүрлі өнер түрлеріне балаларды тарту;

- түрлі эмоцияларды, сезімдерді, көңіл-күйді, өмірдің жарқын, қызықты сәттерін көрсету үшін фототүсірілім жанрының мүмкіндіктерін көрсету;

  1. Ұйымдастыру және өткізу шарттары

3.1.Қатысушылардың жас санаттары:

5-7 жас;

8-10 жас;

11-14 жас;

3.2. Конкурс «Сурет», «Фотосурет», «Әңгіме» номинациялары бойынша өткізіледі.

3.3. «Сурет» номинациясы. Әр түрлі орындаудағы техникаларда суреттердің фотосы қабылданады.

Жұмыстың фотосуретінің астында міндетті түрде бастапқы деректерді көрсету керек: жұмыстың атауы, автордың аты-жөні (қысқартусыз), жасы).

3.4. «Фотосурет» номинациясы. Ұсынылған жұмыстар авторлық болуы тиіс (интернеттен бөгде жұмыстарды алуға болмайды). Автор қатысушы екі фотосуреттен ұсынады одан артық болмауы керек. Фотосуреттердің бірінде жануары мен иесінің бейнесі болуы тиіс. Фотосуреттің өлшемі ені бойынша 800 пиксельден аспауы тиіс, бұл ретте фотосуреттің салмағы 700 Кб аспауы тиіс (фотосуреттің салмағы қанша екенін білу үшін тінтуірдің оң жақ пернесін басыңыз – сипаттар – дискідегі өлшемді таңдаңыз) . Тек графикалық редакторларда фотосуретті елеусіз өңдеуге рұқсат етіледі (жарықтықты / анықтықты түзету, қарапайым рамкаларды қосу). Суретке қол қоюда жұмыстың атауы, қатысушының аты-жөні, жасы көрсетіледі.

3.5. «Әңгіме» номинациясы. Оқушылардың тек қана өздері шығарған шығармашылық жұмыстары (ертегі, аңыз әңгіме, әңгіме) қабылданады. Мәтінді рәсімдеуге қойылатын талаптар: шрифт Times New Roman, 14 кегль, интервал 1,0, барлық жағынан-2 см. Жұмыс көлемі-А4 форматындағы 1 беттен артық емес.

3.6. Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

- жұмыс мазмұнының конкурс тақырыбына сәйкестігі;

- шығармашылық ойдың бірегейлігі;

- жұмыстың көркемдік сипаттамасы (сюжет, композиция, айқындылық, контраст, түсті шешім).

Конкурсты өткізу мерзімі мен тәртібі:

Қатысуға өтінімдер (қатысушының аты-жөні, жасы, білім беру ұйымы, номинация, жұмыстың атауы, байланыс телефоны), «фотосурет» « әңгіме» номинациясындағы конкурстық жұмыстар, « сурет» номинациясындағы жұмыстың фотосуреті электрондық түрде қабылданады.

2020 жылғы 10 мамырға дейін электрондық пошта арқылы: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

10 мамырдан кейін түскен конкурстық жұмыстар қаралмайды.

Конкурс қорытындысы, конкурс жеңімпаздарының дипломдары және қатысушылардың сертификаттары 20 мамыр 2020 жылғы БЖШОО сайтында орналастырылады : http://octdu.skom.kz/ «Конкурстар мен фестивальдар» бөлімінде.

 

Новик Владимир Францевич
Директор
 
 

Ауа райы

Карта