Мамыр айының бірінші күні Қазақстан ең жақсы және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл елдегі бейбіт өмір үшін қажетті достық, түсіністік және келісім мерекесі, 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Осы халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында олар бір тату халық.
Фестиваль құрылтайшылары:
« Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.
Фестивальдің мақсаты: Солтүстік Қазақстан облысында тұратын халықтардың ұлттық-мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту, өзінің кіші отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, үздік орындаушыларды анықтау және танымал ету, өзге ұлт өкілдеріне толеранттылық және сыйластық пен қарауды тәрбиелеу, шығармашылық байланыстарды, достық пен өзара түсіністікті нығайту, халық шығармашылығының саласын кеңінен насихаттау.
Қатысушылар: жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары.
Жас топтары:
- 6 жастан 9 жасқа дейін;
- 10-нан 13 жасқа дейін;
- 14 жастан 17 жасқа дейін.
Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Видеоқұттықтау: қатысушылардың қалауына қарай шығармашылық қабілеттерін көрсету (вокалдық нөмір, хореография, музыкалық аспаптарда ойнау, ана тілінде прозада немесе өлеңде құттықтау, авторлық сәлемдесу, 3 минуттан артық емес.);
- «Гүлдене бер, менің Қазақстаным» - кез келген форматта және материалда, кез келген техникада (май, акварель, тушь, түрлі-түсті қарындаш және т.б.) орындалған суреттердің фотосуреттері қабылданады.
Суреттің, фотоның бет жағында, оң жақ төменгі бұрышында жұмыс атауы, баланың аты -жөні, жасы, мектебі бар этикетканы орналастыру қажет.
- «Халық қуыршағының сиқырлы әлемі». Қатысушылар кез келген техникада ұлттық костюмде қуыршақ жасап, фото ұсынуы қажет.
Жұмысқа қойылатын талаптар.
- қуыршақтың биіктігі кемінде 10 см және 50 см аспауы тиіс;
- қуыршақтарды дайындау үшін кез келген материалдардан жасалған (шағын формадағы мүсін саздан, сабаннан, тал шыбығынан, тоқымадан, ағаштан, матадан, түрлі-түсті қағаздан, картоннан және т. б. пайдалануға болады );
- қуыршақ костюмінде дәстүрлі мотивтерді сақтауға болады ,сондай-ақ түпнұсқа авторлық шешім болуы мүмкін.
Фотосуреттің бет жағында «Қуыршақтар-сувенир» оң жақ төменгі бұрышында жұмыс атауы, баланың аты-жөні, жасы, мектебі бар этикетка орналастыру қажет.
Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:
- шығармашылық көзқарас;
- баланың жасына орындау деңгейінің сәйкестігі;
- ұлттық ерекшелікті ашу;
- идеяның жаңалығы, авторлық шешімнің бірегейлігі, жұмыстың ұқыптылығы, эстетикалығы, көркемдік мәнерлілігі;
Конкурсты өткізу мерзімі мен тәртібі:
Word форматындағы қатысуға өтінім (қатысушының аты-жөні, жасы, білім беру ұйымы, жұмыстың атауы), жұмысы бар қатысушының фотосуреті және электрондық нысандағы конкурстық жұмыстың фотосуреті, бір құжатпен болуы тиіс 2020 жылдың 24 сәуіріне дейін электрондық пошта арқылы қабылданады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Фестиваль қатысушыларының дипломдары БЖШОО сайтында http://octdu.skom.kz/ «Конкурстар мен фестивальдар» бөлімінде орналастырылады.