14/05/2024  Сейсенбі
+7 (7152) 46 64 16
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы, 60

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығында 7 жастан 15 жасқа дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысқан "Үміт" облыстық балалар шығармашылығы фестивалі өтті.

Фестиваль вокал, ым-ишарамен ән айту , аспаптық орындау, хореография және сәндік-қолданбалы шығармашылық номинациялары бойынша өтті.

Әр бала шығармашылық арқылы өзінің сезімдерін білдіріп, олардың мүмкіндіктері шексіз екенін көрсете білді.

Жарқын билер мен әдемі әндер көрермендерге әсерлі де, жақсы көңіл-күй сыйлады.

Барлық қатысушылар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Новик Владимир Францевич
Директор
 
 

Ауа райы

Карта