Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығында «Әдістемелік вернисаж» қосымша білім беру бағыттары бойынша облыстық семинар-практикум өтті. Семинарға Солтүстік Қазақстан облысының қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, педагогтері қатысты. Қосымша білім беру педагогтарының кәсіби шеберлігін арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы қосымша білім берудің рөлі, педагогикалық тәжірибе алмасу практикумның басты мақсаты.
Семинарға қатысушылар «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер», «Музыкалық пәндер», «Хореография», «Вокал», «Әлеуметтік-педагогикалық» бағыттарының жұмысына қатысты. Педагогтар заманауи педагогикалық технологиялармен, қосымша білім берудің даму тенденцияларымен танысты. Қосымша білім берудің түрлі бағыттары бойынша сабақтар өткізудің практикалық тәжірибе алмасты.
http://octdu.skom.kz/index.php/kz/zhanalyktar/403-oblastnoj-seminar-praktikum-po-napravleniyam-dopolnitelnogo-obrazovaniya-metodicheskij-vernisazh-4#sigProId8c6334a3bb