2025 жылдың 24 қаңтарында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас дарын» өнер мектебінің базасында балалар музыкалық мектептері мен өнер мектептерінің 4 сынып оқушылары арасында сольфеджиодан облыстық теориялық олимпиада өткізді.
Сольфеджио пәні бойынша оқушыларды даярлау сапасын арттыру, қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау олимпиаданың басты мақсаты.
Қызылжар, Тайынша, Мамлют, Жамбыл, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардан, Петропавл қаласының «Жас дарын» өнер мектебінің және №1 өнер мектебінің оқушылары осы пән бойынша білім мен білік деңгейлерін көрсетті.
Олимпиаданы өткізу оқушылардың сольфеджио пәніне деген қызығушылығын нығайтуға, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және балалар өнер мектептері оқытушыларының кәсіби өсуіне ықпал етті.