12/04/2025  Сенбі
+7 (7152) 46 64 16
Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы, 60
2025 жылдың 7 ақпанында "Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы" КММ-де Облыстық қолданбалы өнер көрмесі өтті. 
 
Көрменің мақсаты: шығармашылық қызметте оқушылардың жеке тұлға ретінде дамыту, сәндік-қолданбалы өнер саласындағы жаңа техникалар туралы білімдерін кеңейту және заманауи деңгейде ескі технологияларды жаңғырту. 
Көрмеге Қызылжар, Жамбыл, Есіл, Аққайың, Айыртау, Тайынша,Тимирязев Шал ақын аудандарынан және Петропавл қаласынан 130 оқушы мен педагог қатысты. 
 
Байқауға қатысушылар өз жұмыстарын келесі бағыттар бойынша ұсынды: тоқыма бұйымдарын жасау; ағашты, сүйекті, былғарыны көркемдік өңдеу; металды көркемдік өңдеу; ағаштан, тастан, саздан, сабаннан, ағаштан, тоқыма бұйымдарынан шағын пішіндегі мүсіндер жасау; ұлттық ою-өрнек элементтері бар халықтық киім үлгісін жасау; қағаздан бұйымдар жасау; ұлттық интерьердің дизайн-жобасы.
 
Қатысушылар мен жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

 

Новик Владимир Францевич
Директор
 
 

Ауа райы

Карта