2019 жылғы 28 ақпан «Әдістемелік вернисаж» қосымша білім беру бағыттары бойынша облыстық семинар-практикумы өтті.
Ұйымдастырушылар:
-«Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ
- «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ
- «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ
- «Оқушылар сарайы» КМҚК
Семинарға Солтүстік Қазақстан облысының қосымша білім беру педагогтары, 120 әдіскер қатысты.
Мақсаты: балаларға қосымша білім беру мекемелерінің оқыту және тәрбиелеу процесінде рөлін арттыру, тұлғаның таным мен шығармашылыққа деген уәждемесін дамыту, қосымша білім беру педагогтарының әдістемелік жұмыс тәжірибесін жинақтау және кәсіби шеберлігін одан әрі арттыру.
Облыстық семинар-практикумның қатысушылары облыстың жоғары білікті қосымша білім беру педагогтарының мастер класстарына секциялар бойынша қатысты.
-«Қосымша білім беру жүйесіндегі білім беру робототехникасы»,
-«Музыкалық пәндер» музыка оқытушылары және өнер мектептері мен балалар музыка мектептерінің вокалдық-хор ұжымдарының жетекшілері үшін
-«Хореография»
-«Вокал»
-«Сәндік-қолданбалы өнер»
-«Халық аспаптары»
Қосымша білім беру педагогтары әр түрлі бағыттағы шығармашылық бірлестіктерде сабақ өткізуде практикалық дағдыларды алды,қосымша білім берудегі заманауи үрдістермен танысты.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және әдістемелік деңгейде өтті.