Конкурсты ұйымдастырушылар:
-«Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» КММ
-«Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ
- СҚО Ақжар ауданы әкімдігінің «Серпер» өнер мектебі МКҚК
Өткізу күні: 26.03.2022 жыл
Тіркеу, жеребе және мастер класс: «Серпер» өнер мектебі 25.03.2022ж. сағ.15.00
Байқаудың басталуы және ашылуы: Ақжар ауданының Мәдениет үйі, күні 26.03.2022 ж.сағат 10: 00
Конкурстың мақсаты: жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру және репертуар мен орындаушылық шеберліктің көркемдік деңгейін арттыру үшін мүмкіндік беру. Балалардың қазақ өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, жаңа ізденістерді, қайталанбас идеяларды ынталандыру және олардың рухани дамуы мен көркемдік өсуін қалыптастыру.
Конкурсқа қатысушылар: өнер мектептерінің, балалар музыка мектептерінің оқушылары, өнер колледждерінің студенттері.
Жас ерекшеліктері:
-12-14 жас (6-8 сынып)
-15-17 жас (9 сынып, І,ІІ курс студенттері)
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді 2022 жылдың 12 наурызына дейін мына мекен-жайға жіберу қажет: СҚО, Ақжар ауданы, Талшық селосы, Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 8 (71546)46-64-16; 8 775 845 6966-Тұңғыш Бекенайұлы. 87773195839 Джамиля Ирмыкановна;
Бағдарламалық талаптар:
- Қатысушылар жұпта ойнайды ;
- Жұптар жеребе арқылы анықталады;
- Байқауға өнер мектебінің, музыка мектептерінің оқушылары, өнер колледжінің студенттері қатысады.
- Байқаудың әрбір қатысушысы барлық шығармаларды жатқа білуі тиіс (тізім қоса беріледі).
Бағалау критерийлері:
- орындаушылық шеберлік, техника
- әртістік, көркем бейнені ашу
- сахналық (сахна мәдениеті).
Әділқазылар алқасының құрамы:
-Ғылымов Дәурен Жанашұлы- профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Нұрғиса Тілендиев атындағы І-Республикалық дирижерлар байқауының ГРАН-ПРИ жүлдегері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты
-Айтбаев Шайтас Сайлыбайқызы- Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері және Мәдениет саласының үздігі төс белгі иегері, «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі –өнерге дарынды балаларға мамандандырылған мектеп » кешенің оқытушысы
-Сергазинов Нұрлан Есімханұлы- «Asia Saund» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі
- Галиев Асхат Ертаевич- Облыстық «Сегіз сері» атындағы оркестрінің әртісі, концертмейстері, «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі –өнерге дарынды балаларға мамандандырылған мектеп » кешенің оқытушысы, Республикалық және Халықаралық байқаулардың лауреаты.
Қатысушылар қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен, оқушыларды дайындаған мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталады.
Өтінім нысаны:
1. Қатысушының аты-жөні;
2. Жас санаты, сынып, жеке куәлігі (туу туралы куәлік );
3. Оқытушының аты-жөні (толық);
4. Мекеменің атауы, толық мекен-жайы, телефоны.
5. Басшының қолы және оқу орнының мөрі.
6. Іссапар шығындары іссапарға жіберуші ұйым есебінен
Өтінім
ІІ- Республикалық « Домбыра-дастан» дәстүрлі күй тартыс
конкурсқа қатысу
|
Қатысушының |
Жас санаты |
Оқытушының аты-жөні (толық) |
Мекеменің атауы, толық мекен-жайы, телефоны. |
|
|
|
|
|
Колледждер арасындағы шығармалар тізімі
1.Н.Тілендиев «Жекпе-жек»
2. Сүгір «Шалқыма» (шертпе)
3. Сүгір «Қаратау шертпесі» (шертпе)
4. Әубәкіров «Талас»
5.Құрманғазы «Төремұрат»
6.Құлшар «Кербез керік»
7.Махамбет «Жұмыр қылыш»
8.Дәулеткерей «Көрғұлы» (Түркмен)
9.Тәттімбет «Сылқылдақ» (шертпе)
10.Д.Нұрпейісова «Әсем қоңыр»
Музыкалық мектептер мен өнер мектептері арасындағы шығармалар тізімі
- Құрманғазы «Арба соққан»
- Құрманғазы «Балбырауын»
- Д.Нұрпейісова «Әсем қоңыр»
- Дәулеткерей «Құдаша»
- Д.Нұрпейісова «Тойбастар»
- Құрманғазы «Адай»
- Сүгір «Ыңғай төк»
Байқауға қатысушыларды тіркеу сағат 9.00-ден 10.00-ге дейін.
Ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру телефоны: 8 (71546) 22-116, 87077491893 Угыбаева Кульшара Серикбаевна, 87758456966-Тұңғыш Бекенайұлы;
Назар аударыңыз !!! Өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, байқауды өткізу форматы өзгертіліп, сіздің назарыңызға жеткізіледі.
Внимание !!! С учетом эпидемиологической ситуации в регионе формат проведения конкурса может быть изменен и будет доведен до вашего сведения.