Конкурс ұйымдастырушылары:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
2. «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ.
3. «Өнер колледжі – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешені
Өткізу күні: 3.03.2022 жыл
Конкурстың мақсаты: мәдени мұраны сақтау, насихаттау, қазақтың ұлы ақыны, ақын, композитор Ақан серінің ән өнерін дәріптеу.
Жас санаттары:
- 7-11 жас;
- 12-14 жас;
- 15-18 жас( колледж студенттері 1-2 курс).
Конкурсты өткізу шарттары:
Қатысушы екі шығарманы орындауы керек:
1) Ақан серінің кез келген әні(Ақтоқты, Маңмаңгер, Балқадиша, Құлагер, Мақпал, Майда қоңыр, Перуайым, Райхангүл, Сырымбет, Шырмауық, Әудем жер, Қараторғай, Жамалжан, Алтыбасар, Ақтоқтының аужары, Көкжендет, Іңкәр—ай, Көкалатай, Көкшетаудың биігі....)
2) Кез келген авторы белгісіз халық әні немесе Халық композиторларының бір әні (Мысалы: Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Майра Уәлиқызы, Мәди, Естай, Әсет Найманбаев, Нартай, Иманжүсіп, Сегіз сері, Абай, Нұркей, Құлтума, Мұхит, Кенен Әзірбаев т/б...).
Қатысушы екі шығарманы бөлек жазып жіберуі керек!
Бағалау критерийлері:
- орындаушылық шеберлік, техника
- әртістік, көркем образды ашу
- сахналық (сахна мәдениеті).
Конкурстың қазылар алқасы. Қазылар алқасының құрамына «Өнер колледжі – эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» кешенінің музыкалық пәндер оқытушылары кіреді.
Конкурсқа қатысу шарттары:
1. Бейнежазбаны кез келген файлалмастырғышта немесе YouTube-та орналастыру шарт және конкурсқа қатысушының онлайн-өтініміне сілтемені бекіту керек. Видеода монтаж элементтері болмауы керек.
2. Орындау кезінде видеоқұрылғы мен әншінің ара-қашықтығы 5 метрден кем болмауы тиіс.
3. видео-жазба жаңғырығы (эхо) бар жерде жазылмауы тиіс.
2. 2022 жылғы 28 ақпанға дейін (қоса алғанда) белгіленген нысандағы өтінім электрондық поштаға жіберілсін: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бір өтінім-бір қатысушы.
Word бағдарламасындағы өтінім формасы:
Қатысушының аты-жөні |
Жасы |
Мекеменің толық атауы |
Орындалатын бағдарлама |
Видео материалға сілтеме |
Оқытушының Т.А.Ә. |
Телефоны |
|
|
|
|
|
|
|
Өтінім файлында «қатысушының аты-жөні, жасы» болуы керек .
Конкурс қорытындысын шығару:
Жеңімпаздарға Гран-При, I, II, III дәрежелі лауреат атақтары және «Қатысқаны үшін» дипломы беріледі
Конкурс қорытындысы, жеңімпаз дипломдары 2022 жылғы 4 наурыз БЖШОО сайтында http://octdu.skom.kz /«Конкурстар мен фестивальдар» бөлімінде жарияланады.
Конкурсты ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру телефоны: (8747)295-48-35. Есжанов Біржан Сарсембайұлы, (87152) 46-64-16. Ермек Саян Рустамұлы